+7 747 110 32 35
03.12.2017 09:02
Шаңғышылардың шаңы шықпады

Шаңғышылардың шаңы шықпады

Әлем Кубогі жарыстарының ІІ кезеңінде  спринттің ақтық сынына қазақстандықтардан тек Алексей Полторанин ғана өтті.  Шаңғыдан әлем кубогінің жарыстары Новегияның Лиллехаммерінде  өтіп жатыр.

Қазақстан үздігі прологта 23-ші нәтиже көрсетті. Сөйтіп, алдыңғы «отыздықьтың» қатарында жарысты ширек финалда жалғастырған болатын. Алайда, өзі жүгірген «алтылықтың» соңында қалып қойды. Ерлер арасындағы финалда новегиялық Йоханесс Клебе ұтты. Екінші, үшінші орындар ресейлік жүйріктер Сергей Устюгов пен   Александр Большуновтардың еншісінде. Ал, Полторанин болса, нәтижесінде,  29-шы орынды місе тұтты. Норвегиялық қыздар да қарап қалмады. Озып шыққан – Майкен Касперсен Фалл. Ал, финн қызы Криста Пармякоскидің «күмісі» сенсацияға бағаланды. Үшінші орында америкалық шаңғышы Сэди Бьронсен.

Қазақстандық спортшы Анна Шевченко – 62 орында.

foto vesti.kz  

230


comments powered by HyperComments