+7 747 110 32 35
04.12.2017 07:05
Шаңғыда шаңымыз шықпады

Шаңғыда шаңымыз шықпады

Норвегиядағы Лиллехамерде шаңғыдан Әлем кубогі жолындағы жарыстардың ІІ кезеңі өтті. Соңғы жарыс күні әйелдер де, ерлер де скиатлоннан күш сынасты.

Әйелдер арасындағы 7.5 + 7.5 шақырымдық қашықтықта жерлесіміз Анна Шевченко мәреге 40-шы болып жетті. Ол лидер Шарлотта Калладан 03.41.1 минут қалып қойды.екінші, үшінші орындарда новегиялықтар Хайди Венг пен Ранхильд Хага.

Алексей Полторанин ерлер арасындағ 15 + 15 қашықтықтағы скиатлонда 31 орында келді. Классикалық әдіспен жүгіргенде көш бастаған топтың қатарында болған жерлесіміз, «коньки» жүрісінде мықтыларға ілесе алмады.   Тұғырдың  биік үш орынын да новегиялықтар «жаулап» алды. Бірінші – Йоханесс Клебе, екінші – Мартин Йонсруд Сундбю, үшінші орында Ханс Холунд.

Әлем Кубогінің келесі кезеңі 9- 10-шы желтоқсан  күндері Швейцарияда өтеді.

276


comments powered by HyperComments