+7 747 110 32 35
03.12.2017 08:57
Бё Фуркадтан озды

Бё Фуркадтан озды

Тарьей Бё Швециядағы Эстерсундта өтіп жатқан биатлоннан Әлем кубогінің кезеңінде ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтті ұтты.
Екі атыс шебінен тұратын қашықтықта Бё мен Мартан Фуркадтың тартысы қызды. Скандинав жарыс жолына француздан кейін шыққандықтан, оған қарсыласының аяқ алысы мәлім болатын. Мартан мүлт кеткенде, Тарьей ұтымды сәтті пайдалана алмады – өзі де қосымша айып шеңберін айналуға мәжбүр болды. Дегенмен де, соңғы метрлерде «қас қағым» сәтке оза түскен норвегиялық жеңісті «жұлып» алғандай болды. Үшінші орында Эрик Лэссер (03.7).
Жеңімпаздан 02.22.7 минутқа қалып қойған қазақстандық Роман Еремин 79-шы .
154


comments powered by HyperComments