+7 747 110 32 35
04.12.2017 06:23
Қазақстан құрамасы ТОП-10-да

Қазақстан құрамасы ТОП-10-да

Биатлоншы жерлесіміз Галина Вишневская Әлем кубогінің Эстерсундте(Швеция) өткен алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы есепте 11 болып тұр.

Швед жерінде спортшы қыздар жеке, спринт және із қуа жарысудан сынға түскен болатын. Жеке жарысты  Галина  жиырмасыншы болып аяқтаса, спринте 13-ші, із қуа жарыста  10-шы болып келді. Оның қоржынында 80 ұпай бар. Екінші қазақстандық Ольга Полторанина жеке жарыста алған жеті ұпаймен  жалпы есепте 53 орында келеді.

Алғашқы кезеңнен соң, кубок жолындағы жарысты француз қызы Жюстин Бреза (142 ұпай) бастап келеді. Осы жолы спринт пен пасьютада жеңген неміс Дениза Херрман 138 ұпаймен екінші орында, ал, жеке жарыста топ жарған беларус спортшысы Надежда Скардино 127 ұпаймен үшінші орында.  

Әйелдер арасындағы Ұлт Кубогі тізімінде Қазақстан 830 ұпаймен 10-шы орында келеді. 

252


comments powered by HyperComments