+7 747 110 32 35
22.02.2018 10:40
Қазақстанда  AIGA әуесқой грепплингтің дүниежүзілік федерациясы құрылды

Қазақстанда AIGA әуесқой грепплингтің дүниежүзілік федерациясы құрылды

Sportplus, спорт- ақпараттық ХАБ-қа сілтеме жасай отырып, Қазақстанда AIGА әуесқой грепплингтің жаңа Дүниежүзілік федерациясы құрылғанын хабарлайды.

Кәзір кәсіпқой ADCC ұйымы бар. Алайда, көптеген спортшылар, бұл ұйымның ережелері бойынша жарыстарға қатысудан жүрексінеді. Өйткені, аса жарақатты спорт. Осыған орай, AIGА әуесқой г репплингшілер федерациясын құру туралы шешім қабылданған болатын.
ADCC ережесінен басты айырмашылығы – жағымсыз баллдар жекпе-жек бастала салысымен есептеле береді. Осы жаңалықтың әсерінен, төрешілердің пайымдауынша, күрес бірден белсенді өтеді екен.

ADCC бойынша, жекпе-жектің алғашқы жартысы бойы, баллдар есептелмейді. Содан-ақ, ірі халықаралық жарыстарда спортшылар ұрыстың алғашқы бөлігінде, өзіне техникалық жағынан қауіпсіз айлаларды іздестіріп, енжар қимылдайтын көрінеді. Мұндай күрестің тартымдылығы төмендеп кететіні анық.

Бұл жаңа федерация туы астында Астанада алғашқы турнир де өткізілді.

-Турнир Астандағы «Алатау» спорт кешенінде өтті. Ережедегі шамалы өзгерістің өзінен-ақ, жекпе-жектер өте тратысты болды. Атлеттер жеңіске деген құштарлық пен мінез танытып жатты. Турнирдің ұйымдастыру деңгейі де жоғары болды. Әрі қарай да, жекпе-жектің бұл түрін дамыта береміз деген сенімдемін, - дейді турнир төрешісі Олжас Досжанов.

Кәзір Республиканың бар аймақтарында іріктеу турлары өткізіліп жатыр. Биылғы сәуір айында Қарағанды қаласында әуесқой грепплингтен Қазақстан чемпионатын ұйымдастыру жоспарланып қойған.
767




comments powered by HyperComments