+7 747 110 32 35
21.02.2018 13:30
Чемпион әзірден әйгілі

Чемпион әзірден әйгілі

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының IV турында көш басындағы Өскеменнің «Алтайы» тек бір рет қана, алматылықтарға қарсы ойында, ұпай жоғалтты. Соған қарамастан, Алтай бөктерінен келген команданың чемпиондықты ешкімге бермейтіні анық болды.

Тур нәтижесінде олардың 19 ұпайы бар. Алаң иелері, Талдықорғанның «Жетісуы» 16 ұпай жинады. Ал, алматылықтардың көршілерінен бір ұпайы кем.

Чемпионат барысында өткен, барлық турлардың жалпы нәтижесіне қарап, «Алтай» (78 ұпай), кәзірдің өзінде, чемпиондық атақты жеңіп тұр деуге болады. Бұл олардың, қатарынан, үшінші чемпиондық атағы болмақшы. Команда өздерінен кейінгі «Жетісу»(62) мен «Павлодардан» (62) 16 ұпай озып тұр.
580




comments powered by HyperComments