+7 747 110 32 35
21.02.2018 16:21
Сегіз жүлде – «алтын»  жоқ

Сегіз жүлде – «алтын» жоқ

Малайзияның астанасы Куала Лумпурде велотректен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық велоспортшылар 2 «күміс», алты қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Қазақстан велоспорт федерациясы.

Команданың ортақ қоржынына екі «қола» салған Артем Захаров, жекелей сайыста, және із қуа жарыста үшінші нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер де жақсы жарысты – құраманың 4 медальі жастардың табысы. Максим Гридичин жеке сайыста екінші орында келді, Андрей Чугай спринтті үшінші болып аяқтады, 1000 метрлікте тағы бір «қоланы» Виктор Голов есебіне жазды, ал, Рамис Дінмұхаметов, ұпай бойынша, топтық жарыста үшінші болып келді.

Жасөспірімдер қатарында екі медаль ұтқан Асастасия Шаповалова да бар. Жарыстардың екінші күні 500 м-дегі гитте ұтқан «күмісіне», келесі күнгі спринтте қола жүлдені қосты.

Жүлделерден бөлек, бұл чемпионат барысында қазақстандық велотрекші тарихта алғаш рет тректе 10 секундтың шептен шықты. Рекордты орнатқан – Павел Воржев(9,965 секунд).

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күндер бұрын, шосседегі велоспорттан Қазақстан құрама командасы Мьянмада өткен Азия Чемпионатынаан 2 «алтын» және бір қола медаль олжалап, табысты оралған болатын.
1177




comments powered by HyperComments