+7 747 110 32 35
30.11.2017 06:44
Ақтық кезең Римде өтеді

Ақтық кезең Римде өтеді

2018 жылы «Джиро д’Италия» веложарысының  ақтық кезеңі Римде өтетін болды. Бұл туралы «Р-Спорт» мәлімдеді.

101-ші рет өтпекші көпкүндік супер жарыстың таныстыру рәсімі Миланда болып өтті.

"Джиро д'Италия" 4 мамыр күні Иерусалимде жеке жарыстармен басталып,тағы екі кезеңі Израильде жалғасын табады:  Хайфа – Тель-Авив(167 км) және Беэр-Шева – Эйлат(226 км). Алтыншы кезеңі Сицилия аралында 10 мамырда өтеді де, велошабандоздар осындағы әйгілі Этна тауына көтеріледі.

Көпкүндіктің жалпы қашықтығы 3546,2 шақырым. 27 мамыр күні Римде мәресіне жетеді.

119


comments powered by HyperComments