+7 747 110 32 35
10.02.2018 21:07
Қыранның «тырнақалдысы» 250 мың теңге

Қыранның «тырнақалдысы» 250 мың теңге

Алматыда «Қыран-2018» республикалық бүркітшілер турнирі аяқталды.

Бұл турнирге Қазақстанның он аймағынан жиналған 60-қа жуық саятшы үш күн бойы көнеден келе жатқан аңшылық дәстүрдің сатанатын паш етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, түрлі жастағы бүркітшілердің басын қосқан, үш кезеңнен тұратын жарыстар қаладағы ипподромда өтті. Бірінші кезеңде бүркітшінің құсбегілік шеберлігі сынға түссе, келесі кезеңдерде, олар, түз тағысына қырандарын салып, жарыс көрігін қыздырды.

Алматы облысынан келген 13 жасар құсбегі Бексұлтан Сейітжанов қорытынды нәтижеде ең көп ұпай жинап, бірінші орын мен 200 мың теңге сыйлықты ұтып алды. 150 теңгелік екінші орында алматылық Ғабит Танат, үшінші орын мен 100 мың жүлдені Мұратхан Дәулетхан иемденді.
580




comments powered by HyperComments