+7 747 110 32 35
19.02.2018 10:43
Су добында «құрғақ» шықтық

Су добында «құрғақ» шықтық

Ленинград облысындағы Кириши қаласында өткен су добынан әйелдер арасындағы Ресей Ашық чемпионатының V турында Тараздың «Айша Бибі» командасы барлық ойындарын жеңіліп қалды.

Жартылай финалға өтетін төрттікті анықтау үшін алты команда жиналған болатын. Тараздық қыздар аянып қалған жоқ, дегенмен де, Ресейдің мықты клубтарына қарсы тұра алмады.

«КИНЕФ-Сургутнефтегазға» 9:19 есебімен ұтылған соң, қазақстандықтар Мәскеудің «Динамо» «СКИФ» ЦСП «Крылатское» – 5:7, Златоусттың «Динамо-Уралочка» – 9:11, Ханты-мансыдан келген «Юграға» - 9:14 және «Спартак-Волгоградқа» – 8:16 есептерімен есе жіберді.

Сөйтіп, соңғы алтыншы орынды місе тұттық. Команда, енді, Ресей Ашық чемпионатының келесі маусымына дайындалатын болады.
1226




comments powered by HyperComments