+7 747 110 32 35
20.02.2018 10:21
Шығыстағы іріктеу жарыстары

Шығыстағы іріктеу жарыстары

Өскеменнің Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде 2001-2002 жылдары туған портшылар және жастар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстанның Ашық чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстарға жеңіл атлетиканың 15 түрінен 514 атлет қатысуда. Манеж иелерінен бөлек, мұнда Астана, Алматы қалаларынан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан және Қырғызстаннан келген спортшылар қатысып жатыр.

-Бұл жарыстар барысында халықаралық деңгейдегі бәсекелерге баратын спортшылардың дайындық деңгейі сыннан өтеді. Алдымен, Тайландқа аттанатын команда сапына енуге үмітті 18 жасқа дейінгі спортшылар іріктеледі, - дейді жоғарғы деңгейдегі ұлттық төреші Дамир Әбулев.

Үздік нәтиже көрсеткен атлеттер, Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада, ел намысын қорғау үшін Аргентинаға аттанады.
1377




comments powered by HyperComments