+7 747 110 32 35
08.02.2018 19:36
Олимпиада қарсаңындағы қарсылық акциясы

Олимпиада қарсаңындағы қарсылық акциясы

Олимпиада Ойындарының ашылу салтанатына бір күн қалғанда, Оңтүстік Корея тұрғындары КХДР ресми делегациясының келуіне қарсылық ретінде, наразылық шеруіне шықты.

Акция барысында Солтүстік Корея диктаторы Ким Чен Ынның портреті, КХДР жалауы мен екі ел спортшылары 2018-ші жылғы Ойындардың ашылу салтанатына бірлесе көтеріп баратын Кәріс түбегінің жалауы өртелді.

Бірнеше күндер бұрын, Солтүстік Корея Пхенчхан Олимпиадасына байкот жарияламақшы да болған. Оған себеп, өз елінің делегациясын бастап келетін ең жоғағы лауазымды шенеунік, АҚШ вице-президенті Майкл Пенс «Пхеньян режиміне қарсы ең қатаң да жаугер санкциялар» қолдану турасындағы Ақ үйдің жоспары бар екенін мәлімдеген болатын. Оның пікірінше, бұл санкциялар КХДР-ның ядролық бағдарламасын «түбегейлі» жоюға мүмкіндік береді.

Пенстің мәлімдемесіне қарсы, Пхеньян билігі Ақ Олимпиадаға байкот жариялайды деп күтілген.
1561




comments powered by HyperComments