+7 747 110 32 35
07.02.2018 13:06
Кабулде шахмат ойнау қауіпті

Кабулде шахмат ойнау қауіпті

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) Ауғаныстандағы жағдайға және Қазақстан шахматшыларының Кабулде өтетін Орта Азия Кубогіне қатыспауы туралы ұсыныстарына түсінік беруді сұрап, ҚР СІМ-не ресми өтініш жіберді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми жауабында: «ауғаныстандағы қауіпті жағдайды ескере отырып, біз, 2018-ші жылдың 8-15 наурыз аралығында Кабулде өтпекші Қазақстан шахматшыларына «ФИДЕ президенті К. Юлимжиновтың сыйлығы үшін 5 Орта Азия Кубогі» турниріне қатыспағандары жөн деп санадық», - делінген.

2018-ші жылдың 20-шы қаңтарында Кабулда беймәлім біреулер наурыз айында Орта Азия Кубогі үшін шахмат жарыстары өтпекші «Интернациональ» отелін басып алған болатын. Басбұзарлар 150 адамды 12 сағат бойы кепілде ұстаған. Қонақ жайды олардан азат ету барысында, арасында бір Қазақстан және алты Украина азаматы бар, 30 адам қаза тапқан болатын. Бұл теракт үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы мойнына алған еді.

8-ші Наурыз күні Кабулда сыйақы қоры 250 мың долларды құрайтын «ФИДЕ президенті К. Юлимжиновтың сыйлығы үшін 5 Орта Азия Кубогі» турнирі басталмақшы. Бұл жарыстарға Азияның мықты шахматшылары қатысуды жоспарлап та қойған.
1397




comments powered by HyperComments