+7 747 110 32 35
12.02.2018 14:58
Ешбір Олимпиада Ойыдарын  допингтен «таза» өткізу мүмкін емес

Ешбір Олимпиада Ойыдарын допингтен «таза» өткізу мүмкін емес

Кәзір WADA-ның ақпарат көзіне айналған, Мәскеу антидопингтік агенттігінің бұрынғы басшысы Григорий Родченков, американың CBS теле арнасына берген сұхбатында, допингке қарсы күрестің қаншалықты ауыр екені жайлы айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, кәзіргі кезде, 20-дан астам елдің атлеттері допинг қолданады. Оның үстіне, әр командада спортшылардың 10-15 пайызы, өз табиғатына сай алаяқ болып келеді де, оларды түзеу мүмкін емес екен. Сондықтан Олимпиада ойындары, былайша айтқанда, «таза» өтпейді.

«Қанша ел допинг қолданады дейсіз бе? 20-дан астам ел деп, айта аламын. Мұндай жағымсыз жүйені құрғаным үшін өзімнің де өкінемін. Кәзір ол жап-жақсы жұмыс істеп тұр», - дейді Родченков.

Скотт Пеллиге берген сұхбаты барысында,  Родченков Сочидегі допинг сынағының үлгілерін қалай алмастырғандары туралы, өзінің лабораториясындағы сынақ үлгілерін ауыстыруға ыңғайлы жасалған кереге туралы жасырған жоқ. Химик өзіне көмектескен барлаушы Евгений Блохин дейді. Ал, контейнерлерді ФСБ мамандары бұзған.

Родченковтың сөзіне қарағанда, Сочиде Ресей спортшылары 13 алтын медальдың бесеуін өзі жасаған допингтік сұйықтықтың арқасында ұтып ағлан көрінеді. Оның ойынша, бұл алаяқтық схема туралы спорт минитсрі Муткоға да, президент Путинге де белгілі болған.

Кәзіргі күндері Григорий Родченковтың бет-әлпеті қандай екені беймәлім. Теле арна мамандары жасаған гримнен оның жүзін анықтап,  шырамыту мүмкін емес. Ол өзінің амандығы үшін осындай қадамдарға баруға мәжбүр.
1544




comments powered by HyperComments