+7 747 110 32 35
19.02.2018 11:21
Допинг күдігі сейіле ме?

Допинг күдігі сейіле ме?

Допинг қабылдады деген күдікке іліккен Ресейдің  керлингші атлеті Александр Крушельницкий аккредитациясын тапсырып, олимпиада қалашығынан кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Reuters-ке Ресей құрама командасының пресс-атташесі Константин Выборнов хабарлаған.

Крушельницкий жұбайы Анастасия Брызгалова екеуі керлингтің дабл-микст ережесінде «қоланы» ұтып ағлан болатын.

А. Крушельницкийдің қанынан  мельдоний табылды деген күдік әлі де дәлелденген жоқ. Халықаралық олимпиада комитетінің коммуникациялар жөніндегі директоры Марк Адамстың айтуынша, сынақ нәтижелері кешке таман белгілі болады. Егер сынақшаның «Б» үлгісі таза болып шықса, атлетке тағылған айыптар дәйексіз саналып, ол ақталып шығады. Адамстың ойынша, «А» сынақ үлгісін алған кезде, қателіктер жіберілуі мүмкін.
1242




comments powered by HyperComments