+7 747 110 32 35
21.02.2018 16:41
Бірінші партияда жеңілді

Бірінші партияда жеңілді

Жансая Әбдімәлік (2449 Эло) Мәскеуде басталған «Аэрофлот опен» халықаралық шахмат турниріндегі бірінші партиясын ұтылып қалды. Еліміздің мықты шахматшсы, әлемнің жастар арасындағы чемпионы (U-20) Жансая Эстонияның бірнеше дүркін чемпионы, 42 жастағы Кайдо Кюлаотспен(2582) кездескен болатын. Ойын 32-ші жүрісте Кайдоның жеңісімен аяқталды.

Бүгін кешкісін басталатын екінші турда Жансая өзінің құрдасы, Украина мен Ресейдегі түрлі жас аралық жарыстарда топ жарып жүрген халықаралық шебер Александр Тряпишкомен(2530). кездеседі. Ол алғашқы партияда поляк гроссмейстері Кашпер Перунды(2659) ұтқан болатын.

Мәскеудегі турнирге Қазақстанның кәзіргі шахмат чемпионы Ринат Жұмабаев (2614) та қатысып жатыр. Ол алғашқ партиясын үндіс Гагар Шадулмен(2494) ойнап, тең түскен. Ооның келесі қарсыласы да Үндістан өкілі – кеше орыс Игорь Лысыймен(2618) тең нәтижеге келіскен Дебашис Дас (2501).

Мәскеуде өтіп жатқан бұл турнирдің Европада абыройы биік саналады. Биыл турнирге қатысу үшін әлемнің 23 еелінен 100-ге тарта шахматшы жиналған. Оның жарымынан астамы гроссмейстерлер. Сыйақы қоры – 120 мың евроны құрайды. Жеңімпаздың есімі 28-ші ақпан күні анық болады.
1551




comments powered by HyperComments