+7 747 110 32 35
22.02.2018 11:01
Қазақстандық гольфшы қыз Дүниежүзілік әуесқой рейтингке енді

Қазақстандық гольфшы қыз Дүниежүзілік әуесқой рейтингке енді

15 жасар Ривекка Жұмағұлова Дүниежүзілік Әуесқой рейиингке(World Amateur Golf Ranking) енді. Енді ол, жинаған ұпай санына қарай, болашақта Олимпиада ойындарына да қатыса алатын болады. Бұл туралы МСМ-нің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитетінің баспасөз қызыметі хабарлап отыр.

Қазақстандық қыз 16-18-ші ақпан күндері Global Junior Golf Tour аясында Португалияда өткен Portuguese Intercollegiate Open турнирінде жеңіп шықты.
Кәзір ол, өзінің бапкері испандық Ricardo Eliaesonмен бірге, келесі старттарға дайындалып жатыр. Ривекка үш рейтингтік турнирге қатыспақшы. Ақпанның соңына таман өтетін А категориясындағы Spanish International Ladies’ Championship 2018 турнирінде Европаның ерсектер арасындағы үздік гольфшылары жиналады. Ал, наурыз айында Валенсияның және Мадридтің чемпионаттары күтіп тұр.

15 жасар Ривкканың спорт жолы салиқалы. 12 жасынан Шотландия мен Италиядағы U.S.Kids Golf халықаралық турнирлеріне қатыса бастайды(5 және 2 орындар). 2015-ші жылы Шотландиядағы Van Horna кубогі үшін жарыстағы матчтық ойында, ресейлік Наталья Гусевамен бірге, неміс-швейцария дуэтін жеңген. Болгарияның ересектер араындағы чемпионатын екі рет жеңіп, бір рет күміс медалін олжалаған. Сербия Ашық чемпионатының қола жүлдегері, Чехияда өткен Ника Фалдо сериясының жеңімпазы. БАӘ жеріндегі 2017-ші жылғы Фалдо сериясының гранд финалына қатысқан. Былтыр қыркүйекте Ривкка Қазақстан Чемпионатының күміс медалін ұтып алды. Ал, биылғы жарыстарын Испаниядағы Аликанте чемпионатындағы жеңіспен бастады.
234




comments powered by HyperComments