+7 747 110 32 35
13.02.2018 13:54
 «Айша Бибі»  алғашқы ойында жеңіліп қалды

«Айша Бибі» алғашқы ойында жеңіліп қалды

Ленинград облысының Кириши қаласында су добынан әйелдер арасындағы Ресей чемпионатының финал алдындағы тур басталды. Тараздың «Айша Бибі» командасы жартылай финалға шығуға үміткер алты клубтың қатарында.

Бұдан ертерек, 10 команда қатысқан төрт тур ойыдары өткізілген болатын. Оның төртеуі сүрініп, алты ұжым қалған еді. Кәзір жартылай финал үшін таласып жатқан командалардың бұдан бұрын жиған ұпайлары сақталады.

Бірінші матчта тараздық қыздар жүйелі ечмпионат жеңімпазы «КИНЕФ-Сургутнефтегаз» қыздарымен кездесті. Маусым барысында бұл екі ұжым екі рет кездесіп, біздің қыздар 4:20 және 3:20 есеібмен қос ойында да ойсырай ұтылған болатын. Бұл жолы да жеңілдік – 9:19.
Тараз қыздарының қатарынан Оксана Сайчук, Анна Турова мен Анна Новиковалар екі доптан салды. Ал, қарсылас сапынан жалғыз Татьяна Зубованың өзі ғана алты доптың авторы атанды.

Бүгін, ақпанның 13-і күні, «Айша Бибі» Мәскеудің «Диноамо - СКИФ» ЦСП «Крылатское» командасымен ойнайды.
686




comments powered by HyperComments