+7 747 110 32 35
17.02.2018 20:17
Сноубордшы – шаңғы чемпионы

Сноубордшы – шаңғы чемпионы

Слаломның супергигант ережесі бойынша әйелдер арасындағы жарыстар күтпеген нәтиже әкелді. Тіс қаққан тау шаңғышыларын сноубордшы чех атлеті Эстер Ледецка ұтып кетті.

Үміткерлер қатарына енбеген Ледецка әлем рейтингісінде 43-ші орында тұр. Өзінің жоспары бойынша, ол Пеңчаңда, сноуборд сайысында жеңіске жетуді мақсат тұтқан болатын. Өйткені, негізгі айналысатын спорты да сол тұғын.

Супергигантта Эстер алған 26-шы нөмірдегілер, әдетте, тұғырдан дәмеленбейтін. Мықтылар алғашқы 20 нөмірдің арасынан табылатын. Ледецка жарыс жолына шыққан кезде, көптеген арналардың эфирінде жүлдегерлер тізімі жарияланып, алғашқы үштікке, енді, ешкім де ене алмайтынына бәрі нық сенімді еді. Тікелей эфирде жарысын бастаған чех атлеті емес, алтын медаль үшін құттықтаулар қабылдап жатқан, Сочи Ойындарының чемпионы аустриялық Анна Файтты көрсетіп жатқан.

Қашықтықтың алғашқы жартысында тек 26-шы уақытпен келе жатқан Ледецка, еңіске қарай жылдамдығын үдете түскен. Нәтижесінде, ол көрсеткен 1:21,11 уақыты үздік болып шықты.

Файт оған жүзден бір секунд ұтылып, қатарынан алуы мүмкін, екінші олимпиада «алтынын» уысынан шығарып алды. Қола медаль Лихтенштейн спортшысы Тина Вайратерде. Ал, бүгінгі жарыстың бас фавориті, өз карьерасында әлем Кубогі кезеңдерінің 81-ін ұтқан, америкалық шаңғышы Линдсей Вонн, қателікке ұрынып, тек алтыншы орынды місе тұтты.

Тау шаңғысымен екі жыл бұрын ғана айналыса бастаған Ледецка паралельді алып слаломнан әлем чемпионы, соңғы чемпионаттың күміс жүлдегері. Пеңчаңда спорттың бұл түрінен де жарыстараға қатысатын болады. Демек, бір Олимпиадада екі спорт түрінен жеңіп шыққан тарихтағы алғашқы спортшы атануы, әбден, мүмкін.
2777




comments powered by HyperComments