+7 747 110 32 35
24.02.2018 10:38
Олимпиада және қазақстандықтар

Олимпиада және қазақстандықтар

Юлия Галышеваның қола медалі Қазақстанның қысқы Олимпиададағы жалғыз жетістігі болып қала беретін сияқты.

Кеше жарыс жолына шыққан биатлоншылар командасы (Максим Браун, Василий Подкорытов, Владислав Витенко мен Роман Еремин) мәреге 17-ші орында келді. Жеңіс шведтерде, күміс жүлдені Норвегия иеленсе, қола медаль немістерге бұйырды.

Ал, 1000 метр қашықтыққа жүгірген қазақстандық үш конькиші үздіктер қатарына іліне алмады. Олардың арасындағы ең үздік нәтиже Денис Кузинде – 27-ші орын. Станислав Палкин жарысты 29-шы орында, ал, Федор Мезенцев 33-ші орында аяқтады. Жеңіс голландиялық Кьелд Нуиске бұйырды. «Күміс» норвегиялық Хавард Лоренценде, «қола» кәріс Ким Та Юнның еншісінде қалды.

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарын аяқтады.
Элизабет, қоссайыстың қорытындысы бойынша, 177.12 ұпай жинап, үздік он бес спортшының (12 орын) қатарына енді.

Бүгін Олимпиада старттарына екі қазақстандық спортшы шығады.

Шаңғы жарысындағы, ерлер арасында өтетін, 50 шақырымдық масс стартқа Алексей Полтаранин бастаған Денис Волотка, Евгений Величко және Виталий Пухкалолар шығады. Бұл сайыста Полтаранинге үміт артуға болады. Ол өзінің осал еместігін әлем Кубогі жарыстарында дәлелдеп жүрген атлет.

Қазақстандық спортшы қатысатын тағы бір масс старт конькишілер сайысында өтеді. Бұл бәсекеге біздің тараптан Федор Мезенцнев шығады.
1667




comments powered by HyperComments