+7 747 110 32 35
16.01.2018 20:37
 Олимпиада – бейбітшілік елшісі

Олимпиада – бейбітшілік елшісі

Кәріс Республикасы мен КХДР олимпиадалық құрамалары 2018 жылғы қысқы Ойындардың ашылу және жабылу салтанатында ортақ тудың астында жүріп өтуі мүмкін
Бұл бастаманы талқылау әлі де аяқталған жоқ. Алайда, The Dong-A Ilbo газеті, Кәріс Республикасының спорт, мәдениет және туризм министрі То Чжон Хван айтқан сөздерді келтіре отырып, «тараптар келісе қалған жағдайда, екі ел спортшылары ақ матаға көгілдір түспен Корей түбегінің кескіні салынған ортақ байрақпен бірге жүріп өтеді» деп жазды.
Бұл бастаманы жақтайтындар да, қарсы келушілер де бар. Егер екі тарап келісе қалған жағдайда, Олимпиада Ойындарын өткізуші мемлекет, тарихта алғаш рет, өзінің мемлекеттік туын көтермейді.
Бұдан бөлек, Ойындар барысында КХДР мен Кәріс Республикасы жарыстарға бобслейден біріккен команда шығарып, шайбалы хоккейден әйелдер командасы да екі мемлекет өкілдерінен жасақталуы мүмкін.
Ал, Олимпиада ойындарының басты мақсаты – бейбітшілік екені белгілі.





4016




comments powered by HyperComments