+7 747 110 32 35
21.02.2018 12:30
Элизабет – мықтылар тобында, Айза үйге қайтады

Элизабет – мықтылар тобында, Айза үйге қайтады

Мәнерлеп сырғанаушы қыз, ресейлік Евгения Медведева, қысқа бағдаламадағы өзінің рекордын жаңартты. Дегенмен де, Медведева, әзірге, екінші орында келеді.

Қысқа бағдарламадан соң, әйелдер тобын, тағы бір үздік көрсеткішпен, Алина Загитова бастап тұр. Ол бұған дейін ешкім алмаған 82, 92 ұпай жинап, әлемнің жаңа рекордын орнатты. Бұған дейінгі рекород иесі Евгения Медведева(командалық қысқа бағ-да 81,61 балл) болатын. 78.87 ұпайы бар канадалық Кэйтлин Осмонд үшінші.

Қазақстандық спортшы Элизабет Турсунбаева 57.95 баллмен сегізінші орында келеді. Екінші қазақстандық сырғанаушы қыз Айза Мамбекова,  өте төмен 44.40 ұпай алып, жарысты әрі қарай жалғастыратын, мықтылар тобына ене алмады.

Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы, Оимпиада жүлдегерлері анықталатын, еркін бағдарлама ертең, 22-ші ақпан күні өтеді. Айдынға тек, қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша түзілген, 24 атлет қана шығады.
234




comments powered by HyperComments