+7 747 110 32 35
21.02.2018 13:10
Екі түрлі спорт – екі түрлі медаль

Екі түрлі спорт – екі түрлі медаль

Голандиялық Йориен тер Морстың есімі, бір Олимпиада барысында, екі түрлі спорт түрінен де жүлде алған алғашқы әйел спортшы ретінде тарихқа жазылды.

Тер Морс Пеңчаңда конькимен жарысып, 1000 метр қашықтықта чемпиондықты жеңіп алаған соң, шорт тректің эстафетасында қола медальді ұтып алды.

Washington Postқа Морс Пеңчаңға аттанар алдында, екі жарыстан да үміті болғанын айтқан. «Бірақ, жартылай финалда ұтылып қалған соң, бәрі бітті деп түйген едім», дейді Морс.

Қола жүлде Голандия құрама командасының қолын сәті түсіп тиген еді. Олар финалда, Тер Морстың арқасында, ркекорд жасағандарымен, тек, бесінші орында қалған болатын. Қытай мен Канада,қатарынан, ереже бұзып, ұпай жоғалтқан соң, «алтын» Оңтүстік Кореяға, «күміс» Италияға, ал, «қола» Голландия командасына бұйырған.

1952-ші жылы фин спортшысы Хейкки Хасу шаңғы эстафетасында(4х10) «алтын» ұтып, шаңғы қоссайысында «күміс» жеңіп алған еді. Ол нәтижені, енді әйел спротшы қайталады. 

Ал, чех атлеті Эстер Ледецканың, Пеңчаң Олимпиадасында, спорттың екі түрінен бас жүлдені қанжығалау мүмкіндігі бар. Ол, тау шаңғысын таққанына екі жыл ғана толғанына қарамастан, супергигантта «алтынды» алып кеткен болатын. Оның үстіне, Эстер Ледецка сноубордтың паралелді алып слаломында фаворит саналады. Ол жарыс 24-ші ақпан күні өтеді.
565




comments powered by HyperComments