+7 747 110 32 35
22.02.2018 20:44
Дарьяның командасы чемпион

Дарьяның командасы чемпион

Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Райкова мен Ольга Полторанина құраған Қазақстан биатлон командасы эстафетаны 14-ші орында аяқтады.

Эстафетаны Беларусь құрама командасы ұтып алды. Қыздар 6 шақырымнан 4 айналым жүгірген болатын. Надежда Скардино, Ирина Кривко, Динара Әлімбекова мен Дарья Домрачевалар қашықтықты 1 сағат 12 минут 3,4 секундта жүгіріп өтті. Чемпион қыздардың, сегіз атыс шебінде атқан оқтарының тоғызы нысанадан қиыс кетті.

Команда лидері Дарья Домрачева өзінің төртінші олимпиада «алтынын» тақты. Оның үшеуін 2014-ші жылы Сочиде жеңіп алған болатын. Ал, Пеңчаңда, оның масс старттан ағлан, «күмісі» де бар.

Мәреге екінші болып Швеция командасы келді (+10,7; 12 қате), ал, қола медальды француз қыздары (+17,6; 14) иеленді.

Биатлон
Әйелдер, эстафета, 4х6 шақырым
1.Беларусь - 1:12:03.4
2.Швеция - +10.7
3.Франция - +17.6
... 14. Қазақстан - +2:14.6
3112




comments powered by HyperComments