+7 747 110 32 35
10.02.2018 19:43
 Дальмайердің алғашқы «алтыны»

Дальмайердің алғашқы «алтыны»

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская әйелер арасындағы 7.5 шақырымға спринт сайысында 30-шы орын алды.

Биатлонның алғашқы "алтыны" неміс Лаура Дальмайерге бұйырды. Күміс жүлде Норвегиялық Марта Олсбюда. "Қола" чехиялық спортшы Вероника Виткованың қолында кетті.

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Галина Вишневская көрсетті - 30 орын. Дарья Климина, Ольга Полторанина мен Алина Райкова үздік 50 биатлоншылардың қатарына кіре алмады, деп хабарлайды olympic.kz.

Олимпиада ойындары-2018, Пхёнчхан

Биатлон. Спринт, әйелдер, 7.5 шақырым

1. Лаура Дальмайер (Германия) - 21:06.2
2. Марта Олсбю (Норвегия) - +24.2
3. Вероника Виткова (Чехия) - +25.8

... 30. Галина Вишневская (Қазақстан) - +1:46.0
58. Дарья Климина (Қазақстан) - +2.41.5
63. Ольга Полторанина (Қазақстан) - +2:53.4
71. Алина Райкова (Қазақстан) - +3.27.6
2943




comments powered by HyperComments