+7 747 110 32 35
07.02.2018 17:11
Қазақстандықтар Пхенчхан Олимпиадасын отандық үш теле арнаның эфирінен көре алады.

Қазақстандықтар Пхенчхан Олимпиадасын отандық үш теле арнаның эфирінен көре алады.

Ақпарат және коммуникацилар министрлігі XXIII қысқы Олимпиада Ойындарын таратуға құқылары бар тараппен Ойындарды Қазақстан теле арналарының эфирінде көрету мәселесінде келісімге қол жеткізді. Бұл туралы өзінің Фейсбук парақшасында министр Дәурен Абаев жариялады.

Ойындардан репортаждар жүргізу құқын «Хабар», «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары иемденіп отыр. «Qazaqstan» мен «Qazsport» 150 тікелей эфир берсе, «Хабар» Оңтүстік Кореядан 100-ге жуық репортаж көрсетеді. Келісім-шерт бойынша, ойындардың ашылу және жабылу салтанатынан да тікелей трансляциялар болады. Одан бөлек, қазақстандықтар Олимпиада күнделігін де тамашалай алады.

Қазақстан атлеттері Олимпиада ойындарында биатлон, мәнерлеп сырғанау, коньки спорты, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіруа, фристайл (акробатика, могул), шана спорты тәрізді, спорттың 9 түрінен қатысады
3052




comments powered by HyperComments