+7 747 110 32 35
21.02.2018 16:56
Қазақстан қыздары финалға шыға алмады

Қазақстан қыздары финалға шыға алмады

Пеңчаңдағы Олимпиада Ойындарында шаңғы спринтінде ірктеу жарыстары болып өтті. Еркін мәнерде қысқа эстафета түрінде жүгірген жарыста, Қазақстан дуэті финалдық раундқа өте алмай қалды.

Анна Шевченко менг Валерия Тюленева бірінші топпен жүгірген. 11 жұптың арасында олар 10-шы орында келді. Топ басындағы норвег спортшыларынан біздің қыздар 01.23.76 минут қалып қойды.

Бұл топтан финалдық сынға, бірден, Норвегия және Швейцария қыздары шықты. Олардан бөлек,  неміс және Словения елінің қыздары да жүлделер үшін таласқа түсе алады.

Екінші топта АҚШ пен Швеция спортшылары тікелей жолдамаға ие болса, көрсеткіштері бойынша,  Ресей, Финляндия, Польша және Франция атлеттері де финалдық жарыстарға қатысатын болды.

Сөйтіп, бүгін кешке шаңғы спринтіндегі Олимпиада жүлделерін 10 команда сарапқа салады.
1456




comments powered by HyperComments