+7 747 110 32 35
24.02.2018 11:05
АҚШ биатлон федерациясы Ресей кезеңіне байкот жариялады

АҚШ биатлон федерациясы Ресей кезеңіне байкот жариялады

АҚШ биатлон федерациясы биатлоннан Әлем Кубогінің 2017/18 маусымдағы, Ресейдегі Түменде өтпекші, кезеңіне байкот жариялады. Мұндай шешім «таза спортты қолдау» мақсатында қабылданып отыр дейді федерация таратқан мәліметте.

Мәлімдемеде Биатлоншылар халықаралық одағының, Ресей кезеңі туралы, шешіміне келіспеушілік білдіріп: «Жуырда IBU-дың Түмендегі Кубок кезеңін сақтап қалу туралы шығарған шешімі құп алатындай емес. Таза спортты қолдау үшін және жеке қауіпсіздігіміз үшін біз бұл жарыстарға қатыса алмаймыз», - делінген.

Бірер күн бұрын ғана Пеңчаң Ойындарының күміс жүлдегері швед Себастьян Самуэльсон да әлем Кубогінің, 20-25 наурыз аралығында, Түменде өтпекші кезеңіне байкот жариялау керек деп, мәлімдеген болатын.

«Бұл елде халықаралық жарыстар өткізілмеуі тиіс. Өйткені, онда Дүниежүзілік антидопингтік агенттік(WADA) бақылауды сеніп тапсыра алатындай, допингке қарсы әрекет жасайтын агенттік жоқ. Биатлоншылардың басым бөлігі байкотты қолдап шығады деп сенемін», - деген болатын Самуэльсон, Reuters-ке берген сұхбатында.

Өткен маусым барысында Биатлоншылардың халықаралық одағы (IBU), Ресей спортындағы допинг жанжалына қатысты, Түменде өтпекші жарыстарды фин елінің Контиолахти стадионына ауыстырған болатын. Алайда, биыл Ресейде Кубок кезеңін өткізуге тиым салмаған еді.
2516




comments powered by HyperComments