+7 747 110 32 35
30.11.2017 08:08
Үздік  спортшылар  анықталды

Үздік спортшылар анықталды

2017 жылғы Ұлт спортының үздіктерін анықтау бойынша жүргізілген жалпы халықтық дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қараша айының 7-інен 28-іне дейін өткен байқау үміткерлері үшін  200 мыңнан астам адам дауыс берген.

Сыйлықтарды табыстау рәсімінің  салтанаты бүгін, 30-шы қараша күні, Астанада өтеді.

Үздіктер тізімі мынадай:

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Алексей луценко (велоспорт)

«Қысқы  спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Жанбота Алдабергенова (фристайл)

«Үздік жас спортшы» - Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау)

«Жазғы спорт түрлері бойынша жыл жаттықтырушысы» - бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов

«Қысқы спорт түрлері бойынша жыл жаттықтырушысы» - шорт-тректен Қазақстан құрама командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков

«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спорт федерациясы» - Қазақстан триатлон федерациясы

«Спорттан үздік  аймақ» - Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт Басқармасы

«Жылдың үздік командасы» - «Астана» футбол клубы

315


comments powered by HyperComments