+7 747 110 32 35
03.12.2017 08:55
Қазақстандықтардың жолы болмады

Қазақстандықтардың жолы болмады

Ресейдің Нижний Тагил қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі жолындағы жарыстар өтіп жатыр.

Ел намысын қорғап жатқан Марат Жапаров пен Сабыржан Муминов жеке жарыстарда 50 үздіктің қатарына ене алмай қалды.  Марат жапаров 106 метрге секіріп, електеуде 83 баллмен 68-ші орыннан көрінді. Сабыржан Муминов одан әрірек, 107.5 метрге секіргенімен, орындау техникасы нашар шығып, төменгі 69-шы орынға орнықты.

Топ-50-ді неміс Маркус Айзенбихлер бастады – 133.5 метр(143.5)

Ал, финалда тағы бір неміс Рихард Фрайтагтың жолы болды. Ол 135 және 137 метрге секіріп, 267.5 балл жинады.

Жалпы есепте 190 балл жинаған  Рихард Фрайтаг  Әлем Кубогі рейтингін бастап тұр. Екінші, үшінші орындарда новегиялық қос спортшы Даниэль Андре Танде мен Юханн Адре Форфанг. 

242


comments powered by HyperComments