+7 747 110 32 35
30.11.2017 12:52
Алматының  «Астанасы» Петерборда үш ұпай иеленді

Алматының «Астанасы» Петерборда үш ұпай иеленді

Су добынан Ресейдің ашық чемпионатына қатысып жатқан Алматының «Астана» клубы Санкт-Петербургте  Солтүстік Пальмираның жастар құрамасымен екі мәрте кездесіп, бірін тең ойнап, екіншісін жеңіп кетті.

Бірінші матчта  Александр Шведов жаттықтыратын «Астана» 8 : 8 (1:3, 2:1, 2:2, 3:2)  есебімен тең ойнады.   

Ал, екінші ойында алматылықтар бір доп айырмашылығымен жеңіске жетті. Есеп – 10 : 9 (5:2, 2:2, 0:2, 3:3)

Жерлестеріміз турнир кестесінде 10 ойыннан 7 ұпай жинап, 8 команданың арасында 6-шы орында тұр.

«Астананың» келесі ойындары 16-17 желтоқсан күндері Волгоградта жергілікті «Спартак-Волгаград» командасына қарсы өтеді.

140


comments powered by HyperComments