+7 747 110 32 35
20.02.2018 10:58
Канадалық дуэт үшінші олимпиада «алтынын» жеңіп алды

Канадалық дуэт үшінші олимпиада «алтынын» жеңіп алды

Канаданың мұзда билейтін спорттық жұбы Тесса Вертью мен Скотт Моир өздерінің олимпиадалардағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша, олардың француз жұбынан озған баллы бір ұпайға да жетпейді.

Еркін бағдарламада француз дуэті Габриэлла Пападакис пен Гийом Сизерон 123,35 балл жинап, әлемнің жаңа рекордын жасаған болатын. Алайда, қысқа бағдарламадан кейінгі ұпай айырмашылын жоюға бұл да аздық етті. Бір күн бұрын, Вертью мен Моир да қысқа бағдарламада әлем рекордын жағңартқан болатын. Нәтижесінде, екі күннің қорытындысы бойынша, канадалықтар мен француздардың ұпай айырмашылығы бір баллдан да аз болып шықты.

Қола медаль америкалық жұп Майя және Алекс Шубутанилерде.

Мәнерлеп сырғанаудағы соңғы медальдар тобын сарапқа қыздар салады.
217




comments powered by HyperComments