+7 747 110 32 35
20.02.2018 15:59
«Нефтехимиктің» легионері допингпен ұсталды

«Нефтехимиктің» легионері допингпен ұсталды

Словения ерлер құрамасы мен Нижнекамскінің «Нефтехимігінде» ойнайтын хоккейшінің Олимпиадада алынған сынақ үлгісінен тиым салынған фенотерол анықталды.

Спорттық арбитражды соттың (CAS) Пеңчаңдағы көшпелі панельі Словения құрама командасының 29 жасар хоккейшісі Жига Егличті Олимпиада ойындарынан шеттетті. Еглич, бұл шешім қабылданған уақыттан бастап, Олимпиада қалашығынан 24 сағаттың ішінде кетіп қалуы керек. Ол өзінің ісін тексеру амалдарына қатыса алмайды. CAS-тың бұл туралы толық шешімі кейінірек жарияланады.

Хоккейші тапсырған сынақ үлгісінен, тыныс демікпесін және басқа да созылмалы тыныс ауыруларын емдеу үшін қолданылатын фенотерол дәрмегі табылды.

Олипиадада форвард үш ойынға қатысып, бір гол соққан.

Еглич биылғы маусымды Нижний Новгородтың «Торпедосында» бастап, қазан айында «Нефтехимикке» ауысып келген. Ол осы маусымда ҚХЛ 41 ойын өткізіп, екі шайба салған, сегіз рет нәтижелі пас шығарып берген.

Егличтің өзі болса, бұл дәріні емдік үшін қолданғанын, дер кезінде, мәлмдеуді ұмытып кеткенін айтады.
757




comments powered by HyperComments