+7 747 110 32 35
04.12.2017 11:48
Чемпионатқа дайындық

Чемпионатқа дайындық

Қазақстан шайбалы хоккей Федерациясы, өзінің ресми сайты арқылы,  құрама команданың әлем чемпионатына дайындық ретінде желтоқсан айында Украина және Беларус командаларымен жолдастық кездесу өткізетіні жайлы хабарлады.

Алғашқы кездесу украиндықтармен Киевте өтеді. Мұнда екі құрама 12-ші және 13-ші желтоқсан күндері өз ара екі рет ойнайтын болады.

Беларус құрамасымен де екі ойын өткізу жоспарланған. Алғашқы кездесу Молодечено қаласында 15-ші желтоқсан күні болып, Ал, 16-шы желтоқсан күні құрама командалар Минскіде  ойнайды.  

Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты 22 және 28 сәуір аралығында Будапеште өтеді. Қазақстан құрамасы «А» тобында Словения, Ұлыбритания, Венгрия, Польша және Италия командаларымен ақтық сынға шығу үшін тартысатын болады.

фото: Қазақстан хоккей федерациясының  сайты

153


comments powered by HyperComments