+7 747 110 32 35
04.12.2017 06:45
"Барыстың" кезекті жеңілісі

"Барыстың" кезекті жеңілісі

Астананың «Барысы» ҚХЛ-ның кезекті турында тағы да жеңілді. Астаналықтар өз алаңында Магнитогорскінің «Металлургіне» 3 : 4 есебімен есе жберді.

Барыстықтар ойынның алғашқы минутында-ақ Линден Вейдің күшімен есеп ашқан болатын. Алайда, «металлургтер» кезең аяқталғанша, екі шайба (Денис Казионов, Денис Кокарев) соғып, алға шықты.

Екінші кезеңде қонақтар, тіпті, есепті 4 : 1 –ге жеткізді. Екі шайбаны 38 секунд ішінде соғып кетті. «Барыс» үшінші таймда «оянғандай» болды. Артем Лихотников пен Талғат Жайлауов бір голдан соққанымен, ойынды овертаймға өткізуге мүмкін болмады.

Кәзір «Барыс» 58 ұпаймен Шығыс Конференциясында 6-шы орында тұр.  

154


comments powered by HyperComments