+7 747 110 32 35
28.11.2017 15:40
"Барыс" тағы да жеңілді

"Барыс" тағы да жеңілді

Астаналық «Барыс»  Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Санкт-Петербургтың армияшыларына 9-1 есебімен ойсырай ұтылды. Қазақстандықтар тарапынан жалғыз шайбаны салған ҚХЛ-ның үздік шабуылшысы Найджел  Доус.  Ол өзінің осы чемпионаттағы  29-шы шайбасын соқты. Бұл «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі.  «Барыс» 58 ұпаймен «Шығыс» конференциясында бесінші, ал тұрақты чемпионат кестесінде  тоғызыншы орында тұр.

Айта кету керек, алғашқы кезеңде төрешілер бейне таспаны қайта  көрген соң, Линден Вейдің, ал, екінші кезеңнің басында  Джеймс  Райттың шайбасын санамай тастаған болатын. Төрешілердің пікірінше, екі шайба да «ойыннан тыс» жағдайда соғылған болып шықты.

Естеріңізде болса, «Барыс» «СКА»-ға өз алаңында да 25 қыркүйекте өткен ойында 1-4 есебімен  ұтылып қалған болатын. 

242


comments powered by HyperComments