+7 747 110 32 35
22.02.2018 17:36
 «Торпедоның» қарсыласы «Торос»

«Торпедоның» қарсыласы «Торос»

Ертең, 23-ші ақпан күні Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Петров Кубогі үшін плей-офф ойындарын Нефтекамскінің «Торос» командасына қарсы бастайды. 1/8 финалдық кездесуі Өскеменде өтеді.

Жүйелі чемпионат қорытындысында «Торпедо» 7-ші (52 ойын, 95 ұпай), «Торос» 88 ұпаймен 10-шы орын алғандықтан, бұл матчтар «торедолықтардың» алаңында өтеді.

Айта кету керек, тек осы екі команда ғана, ЖХЛ-да өткен жеті чемпионаттың барлығында да плей-офф кезеңіне шығып келген. Оның үстіне, «Торос» бес маусымда жартылай финалға дейін жеткен болатын.

«Торос»ХК – кубокті үш рет иеленген (2012, 2013, 2015). Ал, 2014-ші жылы жүйелі чемпионатта жеңіп шыққан болатын.
1442




comments powered by HyperComments