+7 747 110 32 35
04.12.2017 06:01
Слуцкий «Халл Ситиден» кетті

Слуцкий «Халл Ситиден» кетті

 «Халл Сити» команданың бас жаттықтырушысы Леонид Слуцкийдің өз орнынан кететіні туралы жариялады. Ресей маманымен арадағы келісім-шартты бұзуға екі жақ та ниетті болған көрінеді. Слуцкиймен бірге командадан қазан айында ғана спорт директоры болып тағайындалған Олег Яровинский де кетеді.

Л. Слуцкий «Халл Ситиді» 2017 жылдың 9 маусымы күні жаттықтыра бастаған болатын. Сол уақыттан бері «жолбарыстар» төрт рет жеңіп, жеті ойынды тең ойнады, тоғыз ойында жеңіліс тапты. Команда чемпионшиптегі 20 ойыннан соң, жиырмасыншы орында келеді. 

147


comments powered by HyperComments