+7 747 110 32 35
28.11.2017 19:37
Мессидің жаңа жалақысы

Мессидің жаңа жалақысы

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси, жаңа келісім-шарт бойынша, келесі әр маусымда 42 миллион евро алатын болды. Каталондық клуб 25 қарашада аргентиналықпен 2021 жылға дейін жаңа келісім-шарт жасасқанын мәлімдеген болатын. Егер Месси басқа командаға ауысар болса, ол үшін 700 миллион евро төленуі керек. Енді Лионель маусым сайын 30 миллион жалақы алып, қосымша бонустар 12 миллионды құрайды. Көтерме сыйақының жалпы мөлшері 50 миллион евро. Сонымен, Месси ең жоғары жалақы алатын ойыншылар рейтингін бастады. Одан төмен Карлос Тевес(«Шанхай Шэньхуа», 38 миллион евро), Неймар («ПСЖ», 36), Криштиану Роналду («Реал», 34), Оскар («Шанхай СИПГ», 24) орналасқан. 

173


comments powered by HyperComments