+7 747 110 32 35
30.11.2017 08:32
Әлем чемпионатына қатысатын соңғы клуб анықталды

Әлем чемпионатына қатысатын соңғы клуб анықталды

Желтоқсан айында БАӘ стадиондарында өтетін клубтық әлем чемпионатына қатысатын соңғы клуб анықталды. Ол – сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні 2017-шы жылғы Либертадорес кубогін ұтып алған бразилиялық «Гремио» клубы. Бразиялиялықтар екі ойыннан тұратын финалда аргентинаның «ланус» командасын ұтты.

«Гремиодан» бөлек, Біріккен Араб әмірліктерінде 6- 16 желтоқсан күндері өтетін турнирге  Мадридтің «Реалы», жапондық «Урава Ред Даймондс», марокколық «Видад», Мексикадан «Пачука», Жаңа Зеландиялық «Окленд Сити» және жергілікті «әл Жазира» командалары қатысады.   

Европа мен Оңтүстік Америка чемпиондары кездесулерін турнирдің жартылай финалынан бастайды да, екі ойынна өткізеді.

Клубтық Әлем чемпионаты 2000-шы жылдан бері өтіп келеді. Сол уақыттан бері бұл турнирде тоғыз рет Европа клубтары, төрт рет Оңтүстік Америка командалары жеңіске жеткен болатын. 

137


comments powered by HyperComments