+7 747 110 32 35
24.02.2018 14:26
Футболшы қыз Ресей клубына ауысты

Футболшы қыз Ресей клубына ауысты

Футболдан әйелдер ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Аида Ғайстенова Краноярскінің «Енисей» клубына ауысты. Бұл Қазақстан әйелдер футболындағы алғағашқы ірі трансфер болып саналады.

KazFootball.kz тілшісіне оның менеджері Динара Жағыпарова берген сұхбаттан білгеніміз - Аида тек ресей клубтарын ғана қызықтырып отырмаса керек. Оны босниялық «Искра» мен бірнеше беларусь клубтары да өз қатарынан көргісі келген екен. Тіпті, маусым алды жаттығу жиындарда, тексеріп көрмей-ақ алмақшы болған. Дегенмен де, футболшы қыз бен оның менеджерінің, бастапқыдан ойлағандары,  Ресейдің бір командасына ауысу болса керек. Тәжірибе жинауға ыңғайлы дейді.

Аида жаңа ұжымға бірден-ақ сіңісіп кеткен көрінеді. Кәзір жағдайы жақсы. Ол алаңға 51-ші нөмірмен шығатын болады. Өйткені, ол fiftywan.inc. аталатын ниеттестер қауымдастығына бекітілген екен. Ал, ондай ойыншылар осы нөмірді тағады. Оның бірі – «Барыс» хоккей командасындағы Мадияр Ыбрайбеков.

Жағыпарованың сөзіне қарағанда, Аиданың ойыны испандық скауттардың да көзіне іліккен сыңайлы. Егер Ресейдегі маусым ойдағыдай өтсе, ары қарай ойланып көрерміз дейді.

фото: kazfootball.kz
1679




comments powered by HyperComments