+7 747 110 32 35
29.11.2017 21:42
Федор Смолов «Реал» сапына өтеді ме?

Федор Смолов «Реал» сапына өтеді ме?

Marca «Краснодардың» шабуылшысы Федор Смолов қысқы трансфер кезінде Мадридтің «Реал» командасының сапына өтуі мүмкін футболшылар тізімінде деген ақпарат таратты. Дерек көздердің пікірінше, орталық шабуылдағы пәрменін күшейту мақсатында, мадридтік клуб өз тактикасына сәйкес футболшыларды іздестіру үстінде. Корольдік клуб сапына өтуі мүмкін үміткерлердің қатарында Федор Смолов та бар. «Реал» скауттарының көзіне Смолов Ресей мен Испания арасында өткен жолдастық кездесуден (3-3) кейін іліккен сыңайлы. Алайда, 27 жасар ресейлік футболшының жаңа чемпионатқа бауыр басып кетуі де нейғайбыл екені ескеріліп те отыр. Смоловтан бөлек, «Реалдың» шорт-тізімінде Мауро Икарди («Интер»), Алексис Санчес («Арсенал»), Тимо Вернер(«Лейпциг») сынды ойыншылар да бар. 

70


comments powered by HyperComments