+7 747 110 32 35
29.11.2017 12:51
Допингтік жанжал

Допингтік жанжал

Халықаралық футбол федерациясының Ресей футболшыларының допинг қолданғаны туралы, әзірге, дәлел-деректері жоқ, алайда, мұндай деректер анықталып жатса, федерация(ФИФА) қатаң санкциялар қолданатын болады, деп мәлімдеді ұйымның Бас хатшысы Фатма Самура.

Өткен жексенбі күні Мәскеу антидопингтік лабороториясының бұрынғы басшысы Григорий Родченковтың адвокаты, арасында Ресей құрамасының да ойыншылары бар, ондаған ресейлік футболшының мемлекеттік допингтік бағдарлама тізіміне енгізілгенін мәлімдеген болатын.

Биыл жаз британдық басылымдарда допинг қабылдады деген күдікпен ресейлік 34 футболшыға қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл күдіктілердің қатарында 2014 жылғы чемпионатта құрама команда сапында болған 23 ойыншы да бар деген, ақпарат таратушылар.

Ал, жуырда ғана, ФИФА-ның баспасөз қызметі, тексеру нәтижесінде, орыс футболшылары тарапынан допингтік тәртіп бұзушылықтың анықталмағанын мәлімдеген еді.

Алайда, дәл осы кездерде, Родченков Халықаралық олимпиадалық комитеттің комиссиясына жаңа компромат құжаттарды тапсырған болатын. Родченковтың өкілі ФИФА құзырына ресей футболшыларына допинг қабылдағаны туралы тағылған айыпты дәлелдейтін деректерді беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бұл айыптар келесі жылы Ресейде өтпекші әлем чемпионатына көлеңкесін түсіруі мүмкін дейді, британдық баспасөз өкілдері.

 

101


comments powered by HyperComments