+7 747 110 32 35
19.02.2018 17:43
Бірден төртеуін алды

Бірден төртеуін алды

Оралдың «Ақжайық» футбол клубы, маусым алдында, команда қатарына жаңадан төрт ойыншыны қосқаны туралы ресми түрде хабарлады.

Бүгін оралдық команданың құрамына бірден төрт ойыншы қосылды. Олар: шабуылшы Едіге Оралбай, қорғаушы украиндық Юрий Путраш, қақпашылар Евгений Боровик пен Сергей Ткачук.

Едіге Оралбай бірінші лигада ойнайтын «Мақтаралдан» ауысып келді. Ал, Киевтің «Диномосының» түлегі Сергей Ткачук болса, біздің елде, Алматының «Қайраты» мен Қарағандының «Шахтер» клубтарының құрамында ойнаған.

Соңғы уақыттары, өз еліндегі «Алесандрия» командасында доп тепкен 28 жасар украиндық легионер Юрий Путраш, кезінде, «Нива», «Оболонь», «Таврия», «Черноморец» және «Сталь» сынды командалардың сапында ойнаған тәжірибелі футболшы.

Евгений Боровик те футболшы ғұмырын, негізінен, украиналық клубтарда өткізіп, «Нива», «Металлист», «Кривбасс», «Днепр», «Арсенал», «Черноморец», «Карпат» командаларының және болгарияның «Черно Моресінің» қақпасын қорғаған.
1184




comments powered by HyperComments