+7 747 110 32 35
04.12.2017 07:34
Қазақстан құрамасы Ресеймен тең ойнады

Қазақстан құрамасы Ресеймен тең ойнады

Футзалдан Қазақстан футболшылары Ресеймен кездесіп, тең ойнады

Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы Ресей футзалшыларымен кездесіп, 3 : 3 есебімен тең ойнады.

3 желтоқсан күні өткен бұл ойында қазақстандықтар сапынан Шыңғыс Есенаманов (16 және 26 мин.)екі гол соқса, тағы бір голды енгізген Лео болды (29 мин.). Ресейліктер тарапынан Дмитрий Лысков(17), Артем Ниязов (19) және Сергей Абрамовтар (28) соқты.

Бұл ойын осы күндері Иранның Исфахан қаласында өтіп жатқан турнир аясында  ойналған болатын. Елдің бас командасы осылайша, келесі жылдың басында Словенияда өтетін Европа чемпионатына дайындықтарын бастап та кетті. 

182


comments powered by HyperComments