+7 747 110 32 35
16.02.2018 00:13
«Астана» үмітті үзді

«Астана» үмітті үзді

Европа Лигасының 1/16 финалында Лиссабонның «Спортингін» қабылдаған астаналық клуб 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бірінші таймда «Астана» ұтты. 7-ші минутта Марин Томмас соққан голдан соң, есеп өзгерместен, командалар үзіліске шыққан болатын.

Екінші таймда лиссабондықтар тек, есепті теңестіріп қана қойған жоқ, тағы екі гол салып, ірі жеңіске жетті. 48-ші минутта қонақтардың бірінші голын пенальтиден Бруну Фернандш соққан. Екі минут өтпей жатып, Желсон Мартинш (50 минут), тағы бес минуттан соң, Сейду Думбия (55 минут) есепті еселеп, жеңісті қонақтардың қоржынына салып берді.

Қарымта матч Лиссабонда 22-ші ақпан күні өтеді.
336




comments powered by HyperComments