+7 747 110 32 35
19.02.2018 18:18
Аңдамай сөйлеген,  сотқа барады

Аңдамай сөйлеген, сотқа барады

Алматының «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавиннің жұбайы Алиса Аршавинаға қарсы үш бап бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Starhit.ru. хабарлап отыр.

Жыл басында футболшының жұбайы ірі жанжалға іліккен болатын. Алиса интернет беттерінде жарияланған, күйеуінің, түнгі клубта модель Ольга Семенованы белінен қапсыра құшақтап түскен, суретініе бола, ашу-ызасын білдірген. Әйелдер арасындағы жазбада футболшының жұбайы өзін ФСБ қызметкері ретінде таныстырып,  бәсекелесінің «саусағын кесіп», «қасақана есіртке салып» жіберетіні туралы жазған. Ол болса, Алисаның үстінен және өзін одан қорғауды өтініп, Қазақстан Бас прокуратурасына шағым түсірген және бұл оқиғаны елге жариялап жіберген болатын.

Алиса, кәзіргі уақыттары, Санкт-Петербургте жүр, ал, Аршавин болса, «Қайрат» құрамында жаттығып жатыр.

«Шынымен де, мәселе ушығып тұр. Менің үстімнен үш ауыр баппен қылмыстық іс қозғады. Андрей, әрине, бұл оқиғаға қатты таңқалып отыр. Бұл модельмен оның ешқандай байланысы жоқ, ана жолы клубта олар алғаш және соңғы рет кездескен. Бұл мәселені енді бейбіт түрде шешу мүмкін емес шығар», - дейді Алиса Аршавина.
266




comments powered by HyperComments