+7 747 110 32 35
29.11.2017 14:14
 «Астана» «Викториямен» жолдастық кездесу өткізеді

«Астана» «Викториямен» жолдастық кездесу өткізеді

Европа лигасының алтыншы туры қарсаңында, чех елінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» Жижков қаласының «Виктория» клубымен жолдастық кездесу өткізетін болды.Бұл «Славияға» қарсы өтетін ойынға дайындық іспеттес. Жүз жылдан астам тарихы бар «Виктория» Чехияның жаңа тарихында екі рет қола медальды ұтып, екі рет ел кубогы жолындағы жарыста топ жарған. Кәзір екінші дивизионда ойнайды. Бұл команда кезінде (2003-2004) УЕФА кубогі үшін тартыста астаналық «Жеңіспен» кездесіп, қос ойын нәтижесінде келесі турға өткен болатын.

Матч 2 желтоқсан күні «Викторияның» алаңында өтеді.

Ал, Европа лигасы аясындағы жарыста «Астана» мен «Славия» Прагада желтоқсанның 7-нен 8-іне қараған түні кездеседі. 
522


comments powered by HyperComments