+7 747 110 32 35
03.12.2017 09:14
Финалда Арқа мен Жетісу балуандары күреседі

Финалда Арқа мен Жетісу балуандары күреседі

3 желтоқсан күні грек-рим күресі Конфедерациясы кубогі үшін жарыстардың финалында Алматы және Қарағанды облыстарының құрама командалары кездеседі. Сонымен бірге, таэквондошылар арасында да финалға шыққандар анықталды.

Алматыда өтіп жатқан Конфедерация кубогі жолындағы жарыстардың жартылай финалында Алматы облысының  балуандары Оңтүстік Қазақстаннан келген команданы 5-3 есебімен жеңді.

Келесі жартылай финалдық жұпта Қарағанды  құрамасы қызылордалықтарды айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 8 : 0. Қазақша күрестен чемпионаттың «алтыны» үшін финалда осы екі команда күресетін болды.  

Алматы облысының таэквондошылары да финалда. Оларға қарсы тұратын Алматы қаласының командасы.

Жартылай финалда Алматы облысының таэквондошылары Оңтүстік Қазақстанды жеңсе, алматылықтар маңғыстаулықтардан басым түсті.

Жүлделі орындар үшін күрес 3 желтоқсан күні өтеді. 

135


comments powered by HyperComments