+7 747 110 32 35
20.02.2018 10:36
Өзбектерді үшінші рет жеңдік

Өзбектерді үшінші рет жеңдік

Бокстан Қазақстан құрама командасы «Үш құрама матчтарында» Өзбекстан құрамасынан басым түсті.

AIBA Академиясының базасында Қазақстан және Өзбекстан құрама командалары арасындағы үшінші кездесу өтті. Бұдан бұрынғы екі кездесудегідей, бұл жолы да бапкер Мырзағали Айтжанов жігіттерінің мерейі үстем болды. Есеп – 6:4, деп хабарлайды КФБ ресми сайты.

Сонымен, Дүниежүзілік бокс академиясында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей құрамалары арасында өткен мачтық кездесулер аяқталды.

Финалда кездескен Қазақстан мен Өзбекстан командалары 10 жекпе-жек өткізді. Жеңіп шыққан қазақстандықтардың қатарында олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов та бар. Бұл Даниярдың олимпиададан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол рингте Бобоусмон Батуровмен қолғап түйістірген болатын.

Наурыз айының бас шамаларында Қазақстан былғары қолғап шеберлері Польшада өтетін Феликс Штамм турниріне және фин еліндегі GeeBee турниріне аттанады. Ал, ерлер және әйелдер командалары үшін де, биылғы басты турнир, тамыз айында Малайзияда өтетін, Азия ойындары болмақшы.
1738




comments powered by HyperComments